ШҚО-да көпбалалы отбасылар үшін 200-ден астам жер үй салынады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл көпбалалы отбасыларға арналған 200-ден астам жеке үй салынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде көпбалалы жанұялар үшін 2020 жылы жалпы ауданы 38,4 мың шаршы метр болатын 404 пәтерлі 217 бірқабатты үйдің құрылысы басталған. Қазіргі уақытта 110 үй салынып бітті. 174 пәтерлі 94 үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталса, 13 үй 2021 жылы пайдалануға берілмек.

«Басқа аудандар Аягөз өңірінен үлгі алуы тиіс. Аудан әкімі қызметіне кірісе сала, дереу 50 үйдің құрылысын бастады. Жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бұл өте қуантарлық жайт. Көпбалалы отбасыларға арналған үйлер жарық әрі жайлы болуы тиіс», – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.


Оның айтуынша, биыл бірнеше әлеуметтік нысандар пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, Аягөз қаласындағы және Көкпекті ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Мақаншы ауылындағы балабақшаның, Шар қаласындағы спорт кешенінің құрылысы аяқталды.

Келесі жылы көпбалалы және басқа да санаттағы азаматтар үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыс көлемі үш есеге арттырылмақ. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, 110,6 мың шаршы метрлік 1135 пәтерлі 665 бірқабатты үйдің құрылысы басталады. Жалпы, осы жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жоспарлы көрсеткіш 117% өсіммен 519,3 мың шаршы метрді құрады.


Соңғы жаңалықтар