ШҚО-да көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі қаза болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жеңіл көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 20 қыркүйек күні сағат 21.40 шамасында «ИЖ Юпитер-5» маркалы мотоциклді тізгіндеген 48 жастағы ер адам Геолог көшесінен Үлбі көшесіне қарай келе жатқан.

Кенет қарсы жолаққа шығып кетіп, Mazda-626 автокөлігімен соқтығысады.

«Жол апаты салдарынан мотоцикл жүргізушісі сол жерде қаза болған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды» деп мәлім етті облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалған.

Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Соңғы жаңалықтар