ШҚО-да көлік аударылып, 1 адам көз жұмды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында көлік аударылып, 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 43 жастағы ер адам көлікпен Катонқарағай ауданындағы «Өскемен-Рахман қайнарлары» тасжолымен келе жатқан. Жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберген ол бұрылыста рульді басқара алмай қалып, көлік жол жиегіне шығып, аударылып түсті.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан салон ішінде болған 24 жастағы жолаушы Катонқарағай аудандық ауруханасында көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалған. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Соңғы жаңалықтар