ШҚО-да көктемгі су тасқынының алдын алу үшін қандай жұмыстар атқарылуда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен жиналыс барысында су тасқыны кезеңіне бағытталған жұмыс жоспары талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерлан Нұрпейісовтің айтуынша, қазіргі таңда облыс жолдарында ұзындығы 495 шақырымды құрайтын 314 учаскеде көшкін жүру қаупі бар.

«Қыс басталғалы бері облыстың көлік жолдарында 12 апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде тоғыз адам құтқарылып, 35 адам эвакуацияланды. Қар басу қаупі жоғары 314 учаскеде ұзындығы 20 676 метр қар ұстағыш қалқандар орнатылған», - деді ол.

Жиын барысында облыс аумағындағы су тасқыны кезеңіне қарсы дайындық жүргізу мәселесі талқыланды.

«Барлық әкімдерге аяз салдарынан жердің қату тереңдігін зерттеуді тапсырамын. Әсіресе Катонқарағай, Глубокое, Шемонаиха, Аягөз, Алтай аудандары ерекше назар аударуы тиіс. Қазіргі қардың деңгейі белгілі, бірақ ақпан айында да қар мен боран болатынын ескеруіміз қажет. Сенбіге дейін су тасқыны кезеңіне дайындықтың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу керек. Барлық су қоймаларындағы су деңгейін бақылауда ұстаңыздар», – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Жалпы Шығыс Қазақстан облысында жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтуде. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы өңір қалалары мен аудандарының әкімдіктерімен бірлесіп күн сайын тиісті мониторинг жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар