ШҚО-да көктемгі су тасқынына дайындық жүріп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынына дайындық жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен жергілікті атқарушы орган өкілдері көктемгі су тасқынының алдын алу үшін күн сайын мониторинг жүргізіп жатыр. Нақты айтқанда, олар қар қалыңдығы мен жердің тоңын бақылауда.

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының ақпараты бойынша Шығыс Қазақстанда қар жамылғысының биіктігі 7-ден 56 см-ге дейін. Өңірде қар ең көп жауған – Үржар ауданы болса, ең аз қар түскені – Абай ауданы. Алтай, Күршім, Катонқарағай, Абай, Зайсан, Көкпекті, Бородулиха, Бесқарағай аудандарында жердің тоңы бір метрден асады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алтай, Катонқарағай, Күршім және Үржар аудандарында жердің қату деңгейі 2018 жылға қарағанда біршама артқан.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 90-нан астам елді мекенді су басуы мүмкін екендігі хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар