ШҚО-да қоғамдық орындарда санитарлық талаптардың сақталуы тексерілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық орындарда санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын бақылау күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, тәртіп сақшылары мониторинг топтарымен бірге рейдтерге шығуда. Топ мүшелері дүкендерге, шаштараз бен адам көп шоғырланатын жерлерге тексеру жүргізіп жатыр.

Белгілі болғандай, азаматтар көбіне медициналық маска кию және әлеуметтік арақашықтықты сақтау ережелерін елемейді.

«Өскемен мен Семей қалаларында және облыстың елді мекендерінде карантин шектеулерінің күшейтілуіне байланысты санитарлық-профилактикалық іс-шаралардың сақталуын бақылау мақсатында халық көп шоғырланатын жерлерге ұдайы тексеру жүргізіледі. Тұрғындарға санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға, атап айтқанда көшеге шыққанда медициналық маска киіп жүру қажеттігін еске саламыз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

ПД мәліметінше, аталған профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар аймақ тұрғындары арасында коронавирустың таралуын бәсеңдетеді.


Соңғы жаңалықтар