+7 (701) 759 90 19
USD 430.69 EUR 518.42
RUB 5.66 CNY 66.17
Jańalyqtar

ШҚО-да кешелі бері жолда қалған 194 адам эвакуацияланды

2021 жылғы 2 наурыз 10:42
Бөлісіңіз:
ШҚО-да кешелі бері жолда қалған 194 адам эвакуацияланды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 1-2 наурыз күндері жолда қалған 194 адам, оның ішінде 18 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған 13 адам жауапқа тартылды ШҚО-да құтқарушылар тауда аяғын сындырып алған адамға тікұшақпен көмекке келді ШҚО-да жоғалған 5 жасар бала табылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта өңір бойынша 12 тасжолда көлік қозғалысына тыйым салынған. Оның 4-і республикалық, 8-і облыстық маңызы бар жол.

1-2 наурыз күндері құтқарушылар 194 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады. 20 техника мен жеке құрамнан 50 адам жолда қалғандарға көмек көрсетуде.

«Мәселен, «Бородулиха-Жезкент» тасжолында «Тойота Харриер» көлігі қар құрсауында қалған. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен көлікті қардан шығарды», - делінген хабарламада.

Осы ретте, ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT