ШҚО-да кенттегі өрт сөндірілді, орманда жалынмен күрес жалғасып жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында алапат өртпен күрес әлі де жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 11 мамырда таңғы сағат 7:00-де Лесхоз кентіндегі өртенген үйлер толық сөндірілді. Бірақ орманда тілсіз жаумен күрес әлі жалғасып жатыр. Тікұшақпен барлау барысында ашық жанып жатқан жалын байқалмаған.

«Жалпы өртті ауыздықтауға жеке құрамнан 500-ге жуық адам мен 69 техника жұмылдырылған. Оның ішінде департамент қызметкерлері, орманшылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері және полицейлер бар. Өрт салдарынан бір адам көз жұмып, екеуі жарақат алған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, 10 мамыр күні ШҚО-дағы Риддер орман шаруашылығында өрт шықты. Дала өрті 310 гектар аумақты шарпып, 1 адам қаза тапты. Өртке байланысты шұғыл желі іске қосылды.

Мемлекет басшысы Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды.



Соңғы жаңалықтар