ШҚО-да қайта пайдалануға болатын медициналық маскалар шығарылмақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қайта пайдалануға болатын медициналық маскалар шығару қолға алынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы облыстық Кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шұрманов мәлім етті. Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша дәкеден жасалған медициналық маскалар шығару жұмыстары басталған.

«Өңірдегі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары осындай өнімдерді қалай шығару керектігін меңгерді. Бүгінгі таңда облыстағы фармацевтикалық компаниялардың қоймаларында медициналық дәке қоры жеткілікті. Осының нәтижесінде қысқа уақыт ішінде миллион данаға дейін қайта пайдалануға болатын маскалар жасай аламыз», - дейді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, осындай медициналық маскаларды сертификаттау жұмыстары жүргізілуде. Олар дәріханаларда сатылатын болады. Бір масканың бағасы 60 теңгені құрамақ.


Соңғы жаңалықтар