ШҚО-да кәсіпкерлердің құқығын бұзған 104 лауазымды тұлға жазаланды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында бизнес өкілдерінің құқықтарын бұзған 104 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өңірімізде кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда. Қандай да бір заңсыздықтарға тап болған кәсіп иелері бізге хабарласып, шағым түсіре алады. Мысалы, өткен жылы бизнес өкілдерінің құқығын бұзған 104 лауазымды тұлғаны жауапқа тарттық. Бұл, 2018 жылмен салыстырғанда 5 есеге көп», - дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Христина Дорошенко.

Оның айтуынша, осы көрсеткіш аймақ бойынша кәсіпкерлердің құқығы жиі бұзыла бастады дегенді білдірмейді.

«Негізінен Кәсіпкерлер палатасының жіті түсіндіру жұмыстарынан кейін шағымданушылар арта түсті. Біз әр өтінішті толыққанды тексеруден өткіземіз. Заңның бұзылуы анықталған жағдайда ғана шара қолданылады» - дейді Христина Дорошенко.


Соңғы жаңалықтар