+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

ШҚО-да кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалаған қылмыстық топ мүшесі ұсталды

2021 жылғы 22 қазан 13:01
Бөлісіңіз:
ШҚО-да кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалаған қылмыстық топ мүшесі ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалаған қылмыстық топ мүшесі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жұмыс берушісінің малын сатып келген Алматы облысының тұрғыны қамауға алынды Атырауда Трамадол сатып жүрген әйел ұсталды Атырауда 22 жастағы жігіт оқ жарақатымен ауруханаға түсті

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары ақша бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу мақсатында арнайы операция өткізді.

«Жедел уәкілдерге бұған дейін бірнеше мәрте сотталған Өскемен қаласының 31 жастағы тұрғыны қыркүйек айында шаруа қожалығының иесін қорқытып, 30 млн теңге бопсалағаны туралы ақпарат келіп түсті. Шара барысында күдікті қожалық аумағында ақшаны алып жатқан сәтінде ұсталды. Тінту барысында оның заңсыз әрекеттерін растайтын заттай дәлелдемелер алынды», - деді департамент бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қазіргі уақытта күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары басталды. Оған 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT