ШҚО-да Қарттар күніне орай түзету мекемесінің қызметкерлері ерекше акция өткізді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат –Шығыс Қазақстан облысында Қарттар күніне орай түзету мекемесінің қызметкерлері ерекше акция өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ОВ-156/15 мекемесінде Халықаралық қарттар күніне орай әжелер мен аталарға арналған акция ұйымдастырылды.

«Қарттар күні - бұл әрбір отбасы үшін ерекше күндердің бірі. Осы мерекеде барлық ізгі ниет пен шынайы тілектер қазыналы қариялар мен ақ жаулықты апаларға арналады. Акцияға ҚАЖД қызметкерлерінің балалары қатысып, зейнеткерлердің үйлеріне барып қайтты. Бұндағы мақсат - балаларды үлкендерге қамқорлықпен қарауға, мейірімділікке және жанашырлыққа тәрбиелеу», - делінген ақпаратта.

Шара барысында аға ұрпаққа құттықтаулар айтылды. Балалар өлең оқып, ән айтып, өздері салған суреттерін табыстады. Қуаныштан көздеріне жас алған қарттар өз ризашылықтарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар