ШҚО-да қарға батқан жүк көлігі күре жолды бөгеген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында қарға батқан КамАЗ салдарынан 20-дан астам көлік жолда қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 27 қаңтар күні кешкі уақытта Баженово ауылы мен Шүлбі кентінің арасындағы тасжолда 20-ға жуық көлік қар құрсауында қалған.


«№40 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары сол жерге дереу жетті. Анықталғандай, көмір тиеген КамАЗ жүк көлігі қарға батып қалып, 23 көліктің жолын бөгеген. Шүлбі кентінен келген арнайы техника жолды тазартып берді. Құтқарушылар ішінде 38 адам отырған 23 көліктің аталмыш кентке жетуіне көмектесті», делінген ведомство мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар