ШҚО-да карантин талаптарын бұзудың 50-ден астам фактісі тіркелді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шектеу шараларын бұзудың 54 фактісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде арнайы құрылған мониторингілік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде.

«8 сәуір күні Өскеменде 314 нысан тексерілген. Нәтижесінде карантин талабын бұзудың 22 фактісі анықталды. Сондай-ақ бұрын тіркелген заңбұзушылықтар бойынша 175 020 теңге мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Семейде тексеру барысында 354 нысан қамтылған. Шектеу шаралары мен маска режимін бұзған 26 адам тіркелді. 43 755 теңге мөлшерінде бір хаттама толтырылып, 510 475 теңге сомасына бес айыппұл өндірілген.

Сондай-ақ Риддер қаласында мониторингілік топтар 72 нысанды аралады. Карантин талаптарының бұзылуы тіркелген жоқ. Бірақ бұрын анықталған маска режимін бұзғандарға 131 265 теңге сомасына 3 айыппұл салынды.

Бұдан бөлек, рейдтер барысында Алтай ауданында 2, Курчатов, Шемонаиха, Глубокое және Үржар аудандарында бір бұзушылықтан анықталды.


Соңғы жаңалықтар