ШҚО-да карантин талабын сақтамайтындар әлі де аз емес

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеулерін бұзғандарға айыппұл салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдегі шектеу шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтары рейд барысында тұрғындарға көпшілік жерге бармай, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, маска тағып, антисептик пен бір реттік қолғапт ы пайдалану сынды санитарлық талаптарды бұзбауға шақыруда.

Алайда салынып жатқан айыппұлға қарамастан аймақта карантин шектеулерін елемейтіндер әлі де баршылық.

«23 қараша күні Өскеменде өткен рейд кезінде сауда кешендері мен азық-түлік дүкендерінде 5 заңбұзушылық тіркелді. Атап айтқанда, «Заңғар» сауда үйінің, «Томирис» дүкенінің, «Имидж» және «Аида» шаштараздарының жұмысшылары медициналық маскасыз қызмет көрсеткен. Бұдан бөлек, Көкпекті ауданында жүргізілген рейд нәтижесінде санитарлық нормаларды бұзған 67 адамға айыппұл салынды. Глубокое ауданында бір күнде санитарлық нормаларды бұзудың 4 фактісі анықталған» делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Сондай-ақ Ұлан ауданы Асубұлақ кентіндегі «Мөлдір» мен «Уалиолла Г» дүкендерінің 2 сатушысына және қоғамдық орында медициналық маскасыз жүрген 2 тұрғынға қатысты хаттамалар толтырылды.

Зайсан ауданында 23 қарашада 9 нысанда рейд жүргізіліп, соның нәтижесінде 3 заңбұзушылық фактісі тіркеліп, 319 470 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.


Соңғы жаңалықтар