+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

ШҚО-да карантин бұзғандарға бір күнде 700 мың теңге айыппұл салынды

2020 жылғы 26 қараша 12:33
Бөлісіңіз:
ШҚО-да карантин бұзғандарға бір күнде 700 мың теңге айыппұл салынды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шектеу шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтары кезекті рейд жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирустың өршуі: Алматыда санитарлық шаралар күшейтілді Нұр-Сұлтанда карантин режимін бұзушыларды анықтау жалғасуда Қостанай облысында демалыс күндері қандай шектеулер енгізіледі

25 қараша күні жүргізілген рейд барысында Өскеменде шектеу шараларын бұзудың 3 фактісі анықталған.

Риддер қаласында 4 рейд өтіп, 70 нысан қамтылды. Нәтижесінде 3 факті тіркеліп, 125 010 теңге көлемінде 3 айыппұл салынды.

«Глубокое ауданында 108 нысанда 18 рейд жүргізіліп, маска режимін бұзған 2 тұрғын тіркелді. Аягөз ауданында карантин талабына бағынбаған 3 адам 401 810 теңге айыппұл арқалады. Зайсан ауданында 7 нысан тексеріліп, 1 хаттама толтырылды, салынған айыппұл мөлшері – 41 670 теңге» делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Сонымен қатар Шемонаиха ауданында 32 нысанда рейд жүргізіліп, 2 заңбұзушылық анықталды.

Ал Бесқарағай ауданында 3 адамға 125 010 теңге айыппұл салынған.

Санитарлық нормаларды бұзудың ең жиі тіркелетін фактісі – маска режимін сақтамау.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT