+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

ШҚО-да қар құрсауында қалған екі балықшы құтқарылды

2021 жылғы 17 қаңтар 20:42
Бөлісіңіз:
ШҚО-да қар құрсауында қалған екі балықшы құтқарылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар мен полицейлер екі балықшыны қар құрсауынан алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Автобус пен жеңіл көлік соқтығысы: 7 жастағы балаға ота жасалады 1 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі СҚО полицейлері көлігімен жолда қалған Түркия азаматына көмектесті

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 қаңтарда екі балықшы Каменское су қоймасына қарай бара жатқан. Жолда олардың Nissan көлігі қар құрсауында қалды.

«Әуелде ер адамдар көлікті өздері шығармаққа әрекеттенеді. Алайда одан қайыр болмаған соң құтқарушыларды шақырған. Оқиға орнына Ұлан ауданындағы №34 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері мен полицейлер барды. Бірлесе әрекет еткен олар көлікті қардан шығарды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД мамандары өңір тұрғындарына алыс сапарға шыққан кезде Darmen мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйі туралы алдын ала біліп алуға кеңес береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT