ШҚО-да қар құрсауында қалған 2 адам эвакуацияланды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құр құрсауында қалған 2 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 28 ақпанда Ұлан ауданындағы «Бозанбай-Екатериновка» тасжолында келе жатқан «Mitsubishi» автокөлігі қарға батып қалған. Көлік ішінде 2 адам болды.

«Құтқарушылар оқиға орнына шұғыл келіп жетті. Арнайы техниканың көмегімен автокөлік қар құрсауынан шығарылған. Азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ. Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар оларды жақын маңдағы ауылға дейін шығарып тастады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар