+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

ШҚО-да инженерлік әскерлердің 29 жылдығы атап өтілді

2021 жылғы 24 қаңтар 20:17
Бөлісіңіз:
ШҚО-да инженерлік әскерлердің 29 жылдығы атап өтілді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат –Семей қаласындағы Офицерлердің гарнизон үйінде инженерлік әскерлердің 29 жылдығы атап өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Горнизонның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, салтанатты шараны 54770 әскери бөлімінің өнерпаздары мен «Намыс» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырды.

Оған инженерлік әскерлердің ардагерлері, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшылығы, Семей гарнизоны әскери бөлімдерінің инженерлік қамтамасыз ету бөлімшелерінің жеке құрамы және әскери-патриоттық клубы тәрбиеленушілерінің ата-аналары қатысты.



«Соғыс уақытында инженерлік әскерлер жауынгерлерге жол ашып, көпір салып немесе жөндеп, өзен-суларға өткел дайындап, жау жүрген жерлерді миналардан тазартады. Кез келген әскерде инженерлік қамтамасыз ету бөлімшесі болуы қажет», - деді бөлім командирі, подполковник Аралбек Таңатов.

Шара барысында әскери борышын өтеу кезінде ерекше көзге түскен офицерлер мен сержанттар марапатталды.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT