ШҚО-да газ баллоны жарылып, үш ересек адам мен төрт бала жапа шекті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аягөз қаласында жеке үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«20 қараша күні 20:50-де Шығысы Қазақстан облысы Аягөз қаласында жеке үйде 5 литрлік газ баллоны жарылды. Оқиға салдарынан үйдің қабырғасы құлап, төбесі опырылып түскен», - деп хабарлайды ведомство.

Ауруханаға жарылыстан жапа шекен жеті адам жеткізілген. Оның төртеуі – бала, үшеуі - ересек адам. Екі ересек адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Газ баллоны не себепті жарылғаны анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар