ШҚО-да есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ҚР Ұлттық ұланы 5518 әскери бөлімімен бірлесіп Өскемен қаласында жасырын жерлер арқылы психотропты заттарды саудалаумен айналысқан қылмыстық топты әшкереледі.
Қылмыстық топтың құрамында 19-дан 26 жасқа дейінгі 6 ер адам болған. Тексеру барысында күдіктілердің синтетикалық есірткі салынған түйіншектерді тығып қойған жерлері анықталды.
«Тәртіп сақшылары полиэтилен қапшықтардан синтетикалық психотроптық заттың 3500 дозасын тапты. Осылайша, заңсыз айналымнан 1 келіден астам есірткі тәркіленген. Оның «қара нарықтағы» құны шамамен 35 миллион теңгеден асады», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
- Алматыда ишемиялық инсультты емдеуге жасанды интеллект қолданыла бастады
- Интернет арқылы көлік алмақ болған петропавлдық ақшасынан айырылды
- «Қызыл» аймақтағы Қостанай облысында бүкіл оқушылар қашықтан оқиды
- Өскеменде автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті
-
Кепілдегі автокөлікті арзанға «алып берумен» айналысқан алматылық ұсталды
-
Өткен жылы елімізде қылмыс көлемі 30% қысқарды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам