+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

ШҚО-да екі темір жол стансасында жолаушыларды отырғызуға және түсіруге тыйым салынды

2021 жылғы 13 мамыр 09:15
Бөлісіңіз:
ШҚО-да екі темір жол стансасында жолаушыларды отырғызуға және түсіруге тыйым салынды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен және Ново-Өскемен станцияларында №351/352 «Алматы-Өскемен» пойызының жолаушыларын отырғызуға және түсіруге уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Оған сәйкес, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және Шығыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хатына сәйкес ШҚО бойынша коронавирустың таралуына жол бермес үшін 13 мамыр сағат 00.00-ден бастап билет сатуға, Өскемен және Ново-Өскемен стансалары бойынша «Алматы-Өскемен» бағытындағы №351/352 жолаушылар пойызына жолаушыларды отырғызып, түсіруге уақытша тыйым салынған.

Жолаушылар темір жол билетін және тасымалдау қағидаларында белгіленген мерзімде темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін ақша қаражатын ұстамай, толық көлемде қайтара алады.

Жолаушы пойыздарының жүру тәртібі туралы барлық ақпаратты «105» анықтама нөмірі арқылы білуге болады.

«Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарап, коронавирустық індеттің таралуы кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды» делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT