ШҚО-да дүкен сөрелеріндегі ойыншықтар құрамынан қауіпті заттар табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында дүкендерде сатылатын ойыншықтар құрамынан қауіпті заттар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, халық тұтынатын тауарлардың қауіпсіздігін тексеру мақсатында 1491 өнім сынамасына тексеру жүргізілді.

«Бұл өнімдердің 52,7%-ы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден, 26,1%-ы алыс және жақын шетелдерден әкелінсе, 21,2%-ын отандық өндірушілер жасаған. Өнім сынамаларының 23,1%-ы Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды. Сәйкес емес деп танылған өнімнің басым көпшілігі, яғни 90,7%-ы импорттық болса, қалған 9,3%-ы отандық өндіріске тиесілі», - делінген ақпаратта.

Балалар ойыншықтарын зерттеу нәтижелері бойынша 7 сынамада таңбалаудың бұзылуы және фенол, формальдегид сынды қауіпті заттардың бір жарым-екі есе артық болуы тіркелді. Бұл балалардың улану қаупін тудыруы мүмкін. Оның ішінде Қытайда және Өзбекстанда жасалған ойыншық көліктер бар.



Соңғы жаңалықтар