ШҚО-да Дін істері басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңір басшысының бұйрығымен Бейбіт Әшімов Шығыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова басқарманың ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

Бейбіт Әшімов 1980 жылы 8 тамызда Күршім ауданында дүниеге келген. 2001 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Дүниежүзі тарихы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Оқу бітіргесін туристік фирмада агент болып жұмыс істеді. 2005 жылы мемлекеттік қызметке құжат тапсырды. Күршім аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, ШҚО Ішкі саясат департаментінің Ақпарат саясаты және БАҚ-қа мониторинг жасау бөлімінің бас маманы ретінде қызметтер атқарған.

2008-2011 жылдары «Нұр Отан» ХДП ШҚО бөлімшесінде қоғамдық-саяси бөліміне жетекшілік етті. 2011 жылдан бастап Күршім ауданы, Теректі ауылдық округі әкімінің орынбасары, ШҚО Дін істері департаментінің бас маманы, Облыс әкімінің аға инспекторы секілді лауазымды қызметтер атқарды.

2012 жылдың қыркүйек айнынан Дін істері басқармасының басшысы ретінде тағайындалмай тұрып, ШҚО әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет мониторингі бөлімін басқарған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Соңғы жаңалықтар