ШҚО-да демалыс күндері 3 адам суға кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында демалыс күндері 3 адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 31 шілде күні Семейдегі Озерки ауылында 22 жастағы жігіт суға кетті. Белгілі болғандай, ол достарымен және туыстарымен бірге демалу үшін жағажайға барған.

«Алысқа жүзіп кеткен жігіт өз күшін дұрыс бағаламаудың салдарынан көз жұмды. Құтқарушылар оның денесін жағалаудан 40 метрдей жерде 3 метр тереңнен тапты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ сол күні «112» қызметіне Семей қаласындағы «Бобровка» саяжай қауымдастығы аумағында 14 жастағы қыздың суға кеткендігі жайлы хабар түсті. Отбасымен бірге жағажайға келген ол ересектердің қарауынсыз бірнеше минутқа қалған кезде батып кетті. Бұл учаске суға шомылу үшін жабдықталмаған. Құтқарушылар қыздың денесін су түбінен 5 метр тереңнен тапты.

Тағы бір қайғылы оқиға 1 тамызда Өскеменде болды. Саяжай қауымдастығы аумағында орналасқан су қоймасында шомылып жүрген 20 жастағы жігіт батып кеткен.


Соңғы жаңалықтар