ШҚО-да демалыс күндері 10 өрт шықты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында демалыс күндері 10 өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша өткен сенбі-жексенбі күндері 10 өрт болды.

«Қызыл жалын Өскемен, Семей, Курчатов қалаларында және Бородулиха, Глубокое, Жарма, Катонқарағай, Ұлан, Шемонаиха аудандарында шыққан.

Бес оқиғада тұрғын үй, екеуінде ауладағы шаруашылық қора-жай, біреуінде пішен өртенді. Сондай-ақ екі автокөлік отқа оранған», - делінген ақпаратта.

4 өрт – отты абайсыз пайдаланудан, 2 – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан, 2 – жылыту пештерін қолдану барысында қауіпсіздік ережелерінің бұзуылынан және 2 – қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқарудан шықты.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс бойынша 1029 өрт шыққан.


Соңғы жаңалықтар