ШҚО-да бұлан атқан браконьер сотталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғыны бұлан атқаны үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметіне сүйенсек, Риддер қалалық сотында бұлан атқан браконьердің ісі қаралған. Сот үкімімен ол екі жылға аңшылықпен айналысу құқығынан айырылып, бір жылға бас бостандығы шектелді. Сонымен қатар айыпталушыдан мемлекет пайдасына 2 083 500 теңге өндірілмек.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың қазан айының басында облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері, прокурорлар мен полицейлер патрульдеу кезінде Глубокое ауданындағы Сакмариха өзенінің жағасында бұлан атқан Риддер қаласының тұрғынын ұстаған болатын.


Соңғы жаңалықтар