ШҚО-да биыл ауыл халқын орталықтан­ды­рылған сумен қамту 92%-ға жетпек

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл соңына дейін ауыл халқының орталықтан­ды­рылған сумен қамтамыз етілуі 92,2%-ға жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, шағын ауылдарды ауызсумен қамту мақсатында 52 блок-модульді су тазарту және тарату станциялары орнатылады. Нәти­же­сінде, ауыл халқын орталықтан­ды­рылған сумен қамтамасыз ету жыл со­ңына дейін 83,2%-дан 92,2%-ға дейін артады.

«2025 жылға дейін об­лыстың барлық тұрғындары сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі. Қосымша 154 ауыл немесе 97,7 мың адам ауызсуға қол жеткізеді. 2,5 шақырым жылумен және 250 шақырым электрмен жабдықтау желілеріне күрделі жөн­деу және реконструкциялау жүргі­зі­луде», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, осы жылы халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатындағы 63 жобаға 55,1 миллиард теңге жұмылдырылған. Оның 48-ін жыл соңына дейін аяқтау жоспар­ланып отыр.



Соңғы жаңалықтар