ШҚО-да бірнеше жер үйдің ауласын су басты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында бірнеше жер үйдің ауласын су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты. Алайда Бородулиха ауданы мен Риддер қаласында қарғын су жер үйлердің аулаларын басуда.

«Оқиға орнында жергілікті атқарушы орган өкілдері мен құтқарушылар жұмысы істеуде. Инертті материалы бар 400 ыдыс-қап төселді. Қазіргі уақытта Риддердегі 5, Бородулихадағы 1 үй ауласын су басқан. Қарғын суды бұру жұмыстары жүргізілген соң үйлердің аумағынан су сорылады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы жұмыстарға жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар, әскери бөлімдерден барлығы 90 адам мен 22 техника жұмылдырылған. Жағдайға мониторинг тәулік бойы жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар