ШҚО-да бір күн ішінде 21 рет шөп өртенді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір күн ішінде 21 рет шөп өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте өңірдегі Күршім, Үржар, Зайсан және Тарбағатай аудандарында құрғақ шөп өртенуінің 21 жағдайы тіркелді.

«Құтқарушылар орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты мониторинг жүргізуде. Қазіргі уақытта облыс бойынша профилактикалық рейдтерге шығатын мобильді топтар құрылып жатыр. Олардың міндеті – өрттің алдын алу, азаматтарға тілсіз жаудың қауіптілігі туралы түсіндіру», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД мамандары өңір жұртшылығын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өрт шыққан жағдайда дереу «101» немесе «112»нөмірлеріне хабарласу қажет.


Соңғы жаңалықтар