ШҚО-да бес мектеп салынады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында үш жыл ішінде бес мектеп салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы фракцияларының облыс әкімдігінде өткен жиналысында белгілі болды.

«Партияның сайлауалды бағдарламасына негізделген тапсырмаларға сәйкес, 2022 жылға дейін аймақ мектептеріндегі орын тапшылығының алдын аламыз», – деді өңір әкімі, облыстық филиалдың төрағасы Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, аталған бес мектептің үшеуі Семей қаласында салынады. Сондай-ақ, Риддер қаласы мен Абай ауданындағы Қарауылда орта білім беретін мекеме бой көтереді.

Соңғы жаңалықтар