+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

ШҚО-да ауылға барып жұмыс істейтін 100-ден астам дәрігерге үй беріледі

2021 жылғы 24 қыркүйек 11:29
Бөлісіңіз:
ШҚО-да ауылға барып жұмыс істейтін 100-ден астам дәрігерге үй беріледі

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ауылға барып жұмыс істейтін 100-ден астам дәрігерге баспана берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Болат Тайбеков: Шұғыл медициналық көмек - 70% өлім жағдайының алдын алады 8 өңірде мүгедектігі бар балаларды оңалту орталықтары ашылады Ұлттық жоба: 2025 жылға дейін барлық ауылда алғашқы медициналық мекеме болады

Бұл жайлы ШҚО әкімдігінде өткен жиналыс барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.

«Ауылдағы ауруханаларға барып жұмыс істейтін медицина қызметкерлері «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Қазір өңір бойынша анестезиология, реаниматология, акушерия, педиатрия және гинекология кадрларының тапшылығы сезіліп отыр. Ауылдар мен кенттерге келетін 113 дәрігерге жалпы ауданы 40-50 шаршы метр болатын пәтерлер беріледі», - деді ол.

Сондай-ақ жиын барысында «Еңбек» бағдарламасы бойынша шағын бизнес ашқысы келген азаматтарға көмек көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сөз етілді.

«Өңіріміз өз ісін бастағысы келгендерге бөлінген грант саны жағынан республикада көш бастап тұр. Бүгінгі таңда Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы халықты жұмысқа орналастыру, қайта оқыту және микрокредит беру бойынша жақсы жұмыс жүргізуде. Алдағы уақытта жастарға арналған гранттарға қосымша 59 миллион теңге бөлуді тапсырдым», - деді Даниал Ахметов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT