ШҚО-да ауылдарды абаттандыруға бағытталған 142 жоба іске асырылуда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында елді мекендерді абаттандыру үшін 142 жоба қолға алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Барлық жобалар бойынша мердігер ұйымдар анықталып, келісім-шарттар жасалған, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде жобалардың басым бөлігі өз мәресіне жеткен.

«Абай ауданының Қарауыл ауылындағы 27 пәтерлі тұрғын үйдің ауласы, сондай-ақ Құнанбай көшесі абаттандырылып, Зере, Сүндетбай, Құтжанов көшелерінің көше жарығына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бекбосынов және Әйгерім көшелеріне жарықтандыру желісі тартылды. Аягөзде Нұгманов, Шәкенов көшелері, Мәдениет ауылындағы Ақжолтай және Шакантай көшелері, Малкелді ауылындағы Сарыарқа көшелері, Мамырсу ауылындағы Төлендинов және Алтынсарин көшелері, Ақтоғай кентіндегі Балтабекқажы көшелері жарықтандырылды», - делінген ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасы таратқан ақпаратта.

Бұдан бөлек, Баршатас ауылында Балға, Шахантай, Сарыарқа көшелерін жарықтандыруға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Ал Аягөз қаласында 8 спорттық воркаут алаңдары ашылған.

«Бородулиха ауданының Белағаш және Зенковка ауылдарындағы көшелерге жарық тартылып, Телеграф, Комаров және Ленин көшелерінің жарықтандыру жабдықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Ивановка және Бородулиха ауылындарында футбол алаңдары пайда болды», - деп хабарлады басқармадан.


Соңғы жаңалықтар