ШҚО-да аурухананың бас бухгалтері 92 млн теңге жымқырған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сот үкімімен ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бұрын денсаулық сақтау басқармасының Шемонаиха орталық аудандық ауруханасының бас бухгалтері болған О. Б. Десюповаға қатысты қылмыстық іс жүргізуді аяқтады. Ол 92,5 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз өзінің карточкалық шотына аударды деген күдікке ілінген», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық сотының үкімімен О. Б. Десюпова 7 жылға бас бостандығынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар