+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

ШҚО-да атыс қаруын сақтау ережесін бұзған 200-ден астам адам жауапқа тартылды

2021 жылғы 15 мамыр 19:20
Бөлісіңіз:
ШҚО-да атыс қаруын сақтау ережесін бұзған 200-ден астам адам жауапқа тартылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері атыс қаруын сақтау ережесін бұзған 200-ден астам адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-ға гашиштің аса ірі партиясын жеткізбек болған екі ер адам ұсталды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері арнайы оқу орталықтарында Әкімшілік полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының қызметкерлері халық арасында атыс қаруын тіркеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Алайда соған қарамастан жыл басынан бері қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін 201 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ қаруды талапқа сәйкес тіркемеген 153 адам анықталды.

«Осы ретте, азаматтарға қаруды сақтау және қайта тіркеу ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз. Қаруды тек рұқсат етілген мақсатта пайдалануға, қару мен оның патрондарын заңмен белгіленген тәртіпте сақтауға, оны пайдаланған кезде қауіпсіздік талаптарын қаперде ұстау қажеттігін ұмытпау қажет», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ елді мекеннен шыққан кезде немесе тұрғын үйді ұзақ мерзімге қалдырған жағдайда (іссапар, демалыс, оқу, емделу және т.б.) қару-жарақты аумақтық ішкі істер органдарына уақытша сақтауға тапсыруға болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT