ШҚО-да «Ashyq» жобасына қатыспайтын нысандарда карантин шектеулері жеңілдетілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Ashyq» жобасына қатыспайтын нысандарда карантин шектеулері жеңілдетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы онлайн форматта өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алин мәлім етті.

«Ashyq» жобасына қатыспайтын нысандар үшін шектеу шаралары жеңілдетілді. Атап айтқанда, мейрамхана мен дәмханаларға жалпы толтырылуын 50%-дан асырмай сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Ал алкогольді ішімдік сатпайтын қоғамдық тамақтану орындары тәулік бойы жұмыс істейді. Діни объектілерде толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 100 адамнан асырмай құлшылық етуге болады. Бұқаралық спорттық іс-шараларды көрерменмен өткізу үшін толтырылуын 15%-дан асырмау керек», - деді ол.

Ғалымбек Алинның айтуынша, жұмыс берушілер еңбек заңнамасының талаптарын сақтай отырып қызметкерлерінің 50%-ын COVID-19-ға қарсы вакцина алған-алмағанына қарамастан онлайн режимге көшіру қажет.

Бірінші кезекте қашықтан жұмыс істеу форматына вакцина салдырмағандар және соңғы 6 ай ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырмағандар жіберілуі тиіс.


Соңғы жаңалықтар