ШҚО-да апта соңына дейін көшкін жүру қаупі сақталады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында осы аптаның соңына дейін қар көшкіні жүру қаупі сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде қалың қар жауып, қатты жел соғуына байланысты таулы аймақтарда көшкін жүру қаупі арта түскен. Соған орай мамандар «Өскемен-Таулы Үлбі-Северное» тасжолында 3 рет жасанды жолмен қар түсірді. Барлығы 38700 текше метр қар түсіп, жолды толығымен жауып қалған.

«Облыста көшкін қаупі 7 наурызға дейін сақталады. Бүгін ауа райына байланысты ескерту де жарияланған. Осы ретте, тұрғындарға тауға баруды шектеуді сұраймыз. Көшкін жүруы ықтимал таулы аймақтарда қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!. Көшкін қаупі жоғары учаскелерде жүрген кезде еш тоқтамаңыз және ол жерден жылдам өтіп кетуге тырысыңыз!», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да 94 елді мекенді су басу қаупі бар екендігі хабарланған.


Соңғы жаңалықтар