ШҚО-да «Алтайдай жер қайда» атты халықаралық ақындар айтысы өтеді

Фото:
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында «Алтайдай жер қайда?» атты халықаралық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық «Алтайдай жер қайда?» ақындар айтысы 1 шілдеде сағат 10:00-де Катонқарағай ауылындағы орталық саябақта басталады.

Өнер додасына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз және Моңғолия елдерінің айтыскер ақындары қатыспақ.

Елімізден Бекарыс Шойбеков, Мұхтар Ниязов, Ринат Зайытов, Еркебұлан Қайназаров, Рүстем Қайыртай, Әсем Ереже, Шұғайып Сезімхан, Қалижан Ділдашев, Қазірет Бердіхан, Жарқын Жұпархан, Серік Қуанған, Ардабек Ақбаба сынды ақындар бақ сынайды.

Ақындардың өнеріне Алмас Ахметбек, Ұлықбек Есдаулет, Серік Құсанбаев, Серік Қалиев, Дәулеткерей Кәпұлы мен Кәмел Жүністегі қазылық етеді.

Айтысты белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізеді.


Соңғы жаңалықтар