ШҚО-да алаяққа алданған зейнеткер көлігінен айырылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында алаяққа алданған зейнеткер көлігінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай аудандық полиция бөліміне 63 жастағы зейнеткер жүгінген. Өз сөзінде ол шілде айында «ВАЗ» маркалы автокөлігін жөндеп беруге уәде берген бейтаныс жігіттің осы уақытқа дейін көлігін қайтармағанын айтты.

«Осының салдарынан жәбірленушіге 600 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол 34 жастағы аудан тұрғыны болып шықты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар