ШҚО-да Алакөл жағасында 8 жаңа демалыс үйі ашылады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Алакөл жағасында 650 орындық сегіз жаңа демалыс үйі ашылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Инара Бодукованың айтуынша, көл бойында жаңа құрылыс аумағы белгіленген. Ондағы жер учаскелері кәсіпкерлерге «Алакөл жағасында 4 жұлдызды қонақ үй құрылысының ең үздік жобасы» конкурсы арқылы беріледі.

Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде демалыс орнында су және электр желілерін тарту жұмыстары басталды. Демалушыларға ыңғайлы болу үшін биыл медицина және полиция бекетінің құрылысы жүргізілмек. Қазіргі уақытта бұған барлық қажетті құжаттар әзірленіп, жер учаскесі бөлінген.

Естеріңізге сала кетсек, Үржар ауданындағы Алакөл аймағы 13 маусымнан бастап демалушыларды қабылдайды.

Алакөлде демалушылардан коронавирус жұқтырмағандығы туралы анықтама талап етіледі.


Соңғы жаңалықтар