ШҚО-да ақын Абайдың тағы бір ескерткіші ашылады

None
None
КӨКПЕКТІ. ҚазАқпарат - Көкпекті ауданының Самар ауылында ұлы ақын Абайдың ескерткіші ашылады. Бұл жайында облыс әкімі Даниал Ахметовтің Көкпекті ауданына жасаған жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алтайньюске сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары қызып жатқан Самар ауылындағы орталық алаңға ақын ескерткіші орнатылады. Ескерткіш қойылған аумақ түгел абаттандырылып, қоршалады.

«Бұл жер көп ұзамай самарлықтардың сүйікті демалыс орнына айналмақ. Бар шаруа сапалы атқарылуы керек»,- деді Даниал Ахметов.

Мердігер мекеме «Бота» ЖШС алаңды 23 тамызға дейін тапсырамыз деп отыр.

Бұл күні Абай атындағы орталық алаң салтанатты түрде ашылып, облыстық Абай оқулары өткізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар