ШҚО-да Абай мерейтойына орай өткізілетін шараларға 500 волонтер тартылмақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында ұлы ақынның 175 жылдығына орай өткізілетін шараларға 500 волонтер тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Ирина Смиттің айтуынша, қазірде еріктілерді тарту мақсатында өңірдің барлық жоғарғы оқу орындарымен келіссөз жүргізілуде.

«Абай мерейтойына орай ұйымдастырылатын шараларға жалпы саны 500 волонтер тарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ 47 кәсіби гидтің тізімі жасақталған. Бұдан бөлек, тағы да 50 гид пен аудармашыны қосымша оқытамыз» - дейді ол.

Абай ауданындағы Қарауыл ауылында облыстың әр өңірі жеке киіз үй құрады. Көктемде бұл киіз үй қалашығының аумағында 2 мыңға жуық көшет отырғызылады. Осы жұмыстарға еріктілердің көмегі қажет.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да Абайдың 175 жылдығына орай ұлттық ат спортынан фестиваль өтетіндігі хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар