ШҚО-да 70 адам заңсыз аң аулаға шыққан

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы барысында 120-дан астам құқық бұзушылық анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 12 қазаннан бастап өңірде «Браконьер» жедел алдын алу шарасы басталған.

«Бүгінге дейін тәртіп сақшылары 120 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 69-ы аң аулау, 34-і балық аулау ережелерін бұзуға қатысты болса, 3 адам ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылдын», - дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.


Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының аумағында табиғат қорғау полицейлері 1200-ден астам рейд өткізді. Соның нәтижесінде 1450-ге жуық заңбұзушылық әшкереленді.

Айта кетейік, «Браконьер» жедел алдын алу шарасы 11 қарашаға дейін жалғаспақ.


Соңғы жаңалықтар