ШҚО-да 48 мың оқушыға мектеп формасы тегін беріледі

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушылар мектеп формасымен толықтай қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, мұқтаж отбасылардағы әрбір бала назардан тыс қалмайды.

«20 тамызға дейін 48 мың оқушы мектеп формасымен тегін қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ осы категориядағы балаларға аяқ киім берілмек. Биылғы оқу жылынан бастап аз қамтылған және көпбалалы жанұялардан шыққан 3 764 бүлдіршін балабақшаға еш ақысыз барады», - деді ол әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында.

Бұдан бөлек, 21 524 оқушы қоғамдық көліктерде тегін жүретін болады. 1,6 мың балаға нарықтағы сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша тегін білім алуға мүмкіндік жасалып отыр. Сонымен қатар осы санаттағы балалар жоғары оқу орындарында облыс әкімінің гранты аясында білім алмақ.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО мектептерінің 58% оқу жылын онлайн бастайтындығы хабарланды.

Сондай-ақ өңірде қашықтан оқыту мақсатында қосымша 36 мың компьютер сатып алынбақ.


Соңғы жаңалықтар