ШҚО-да 450 гектар жер және 40 тонна шөп жанып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында 450 гектар жер және 40 тонна шөп жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«14 қазан күні сағат 12:05-те өрт сөндіру қызметіне Биғаш ауылынан 20 шақырым жердегі Егіндібұлақ учаскесінде маяланған пішен мен жайылымдағы қураған шөптің өртенгені туралы хабар келіп түсті», - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер мен еріктілердің шұғыл әрекетінің арқасында өрт 22:05-те ауыздықталды.

Қолда бар деректер бойынша 450 гектардың қураған шөбі пен 40 тонна маяланған пішен жанып кеткен.

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД 7 қызметкері, 2 техникасы және ерікті өрт сөндіру құрылымдарының 20 жұмысшысы мен бір техникасы жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар