ШҚО-да 400-ден астам мобильді жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы 400-ден астам мобильді жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Асқар Хорошаштың айтуынша, өңір аумағында 404 мобильді жедел жәрдем бригадасы бар. Медицина қызметкерлері үйлерге барып, пациенттердің жай-күйін толық сауығуына дейін бақылайды, COVID-19-ға ПТР-тестілеу жүргізу үшін биологиялық материал алуды жүзеге асырады және науқастарға дәрілік препараттардың берілуін қамтамасыз етеді.

«Коронавирус жұқтырған ауыр және өте ауыр жағдайдағы пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін Өскемен және Семей қалаларындағы Ана мен бала орталығында, сондай-ақ Семейдегі жұқпалы аурулар ауруханасының базасында қажетті құралдармен толықтай жабдықталған екі орталық құрылды», - деді Асқар Хорошаш.

Бұдан бөлек, медициналық мекемеге жеткізуге жағдайы келмейтін ауыр науқастарға жедел көмек көрсету үшін құрамында анестезиолог-реаниматолог, инфекционист және пульмонолог мамандары бар көшпелі бригадалардың жұмысы ұйымдастырылған.


Соңғы жаңалықтар