+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

ШҚО-да 364 шақырым арналар мен арықтар қардан тазартылды

2020 жылғы 13 наурыз 21:23
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 364 шақырым арналар мен арықтар қардан тазартылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу үшін 364 шақырым арналар мен арықтар қардан тазартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысындағы тау өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін - ТЖД Әскери міндеттілер су тасқынымен күреске жұмылдырылуы мүмкін СҚО елді мекендерін су басу қаупі азайды

Бұл жайлы бүгін ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметіне өткен баспасөз конференциясында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Елдос Чикенов мәлім етті.

«Қазіргі уақытта 1 млнға жуық текше мерт қар шығарылған. Өзендердегі мұз жару жұмыстарына 150 млн теңге қаржы бөлінді. 364 шақырым арналар мен арықтар қардан тазартылған. Негізінен өңірдегі Глубокое, Бородулиха, Шемонаиха және Алтай аудандарында су басу қаупі жоғары болып отыр», - дейді ол.

Елді мекендердегі қар шығару жұмыстарына облыстық бюджеттен қосымша 255 млн теңге бөлінген. Сондай-ақ 100 мың дана ыдыс-қап, 4,9 тонна инертті материалдар дайындалған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT