+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

ШҚО-да 300-ден астам шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды

2021 жылғы 10 маусым 15:50
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 300-ден астам шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 300-ден астам шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-дағы түзету мекемесінде ішімдік ішіп рульге отырған 42 адам жазасын өтеуде Семейде көпқабатты үйге лифт орнатамын деп көршілерінен 1 млн теңге жинаған алаяқ ұсталды Семейде құтқарушылар пәтерде қамалып қалған балаға көмекке келді

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Мигрант» жедел алдын алу шарасының алғашқы 3 күнінде көші-қон туралы заңнаманы бұзғаны үшін 322 шетелдік ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабына сәйкес жауапқа тартылды. Оның ішінде 15 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылған.

Бұдан бөлек, 53 ел азаматы көшіп келушілердің өз үйлерінде болуы туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етпегені үшін айыппұл арқалады. Шетелдіктерді уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмысқа тартқан 21 кәсіпкер де әкімшілік жауапқа тартылған.

«Мәселен, биылғы көктемде Қазақстанға келіп, төлқұжатын жоғалтып алған және еліне қайтуға материалдық мүмкіндігі болмаған 52 жастағы Ресей Федерациясының азаматы анықталды. 9 маусымда оны «Феникс» даму және бейімделу орталығы өкілдерімен бірлесіп, елден шығардық»,- деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Айта кетейік, «Мигрант» жедел алдын алу шарасы 16 маусымға дейін жалғасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT