ШҚО-да 30 жылға жуық жеке куәліксіз жүрген әйел анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері 30 жылға жуық жеке куәліксіз жүрген әйелге көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері өңірде жеке куәліксіз жүрген 190 адам анықталды. Оларға тиісті көмек көрсетіліп, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі рәсімделді.

«Мәселен, Өскемен қалалық Полиция басқармасына жеке басын куәландыратын құжаттары мүлдем алмаған 48 жастағы тұрғын жүгінген. Азаматшаның 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаты ғана болды. Шемонаиха ауданында тұрған әйел 27 жыл бойы құжатсыз өмір сүргендіктен, ресми жұмысы да болмаған. Көші-қон қызметінің мамандары барлық қажетті құжаттарды жинап, оған тиісті көмек көрсетті», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта ол көптен күткен құжатын алды. Енді әйел ауруханаға жүгініп, ресми түрде жұмысқа тұра алады.


Соңғы жаңалықтар