+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

ШҚО-да 3 маусымнан бастап карантин жеңілдейді: Кинотеатрлар жұмысын бастайды

2020 жылғы 2 маусым 00:02
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 3 маусымнан бастап карантин жеңілдейді: Кинотеатрлар жұмысын бастайды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 3 маусымнан бастап бірқатар карантин шектеулері жеңілдетілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде автокөлік өртенді Өскеменде тұрақтағы екі жүк көлігі өртенді Елорда соттары 3 шілдеге дейін карантинге жабылды

Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов Facebok-тегі парақшасында жазды.

«Бүгін жедел штаб отырысы өтті. Елдегі және облыстағы жағдайды ескере отырып, карантин шектеуін жеңілдету бойынша келесі кезеңге өту туралы шешім қабылданды. Біздің облыс тұрғындарына шыдамдылық пен жауапкершілік танытқаны үшін алғыс білдіремін! Сондай-ақ осы кезеңде өңіріміздің медицина және санитарлық-эпидемиологиялық сала қызметкерлерінің жоғары еңбегін ерекше атап өткім келеді. Төтенше жағдай енгізілген алғашқы күннен бастап біз үшін шектеу шаралары мен экономикамыздың және азаматтардың әл-ауқаты арасындағы балансты сақтау маңызды болды. Сондықтан кезең-кезеңімен барлық шектеулерді толық алып тастау және әдеттегі өмірге оралу бағытында жұмысты жалғастырамыз», - деді әкім.

Оның айтуынша, облыс бойынша карантин режимі 13 маусымға дейін сақталады. Бірақ 3 маусымнан бастап Семейден өзге барлық аудандар мен қалаларда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік міндеттерін сақтай отырып, түнгі клубтар мен кальян тарту орындарынан басқа кәсіпкерлік нысандар және өзге де қызметтің барлық түрлері жұмысын қайта бастайды.

«Кинотеатрлар мен театрлар ашылғанымен оның жалпы сыйымдылығының 50%-ын ғана толтыруға рұқсат етіледі. Осындай талаппен қоғамдық тамақтану орындары да жұмыс істейді. Алайда үлкен іс-шаралар өткізуге болмайды. Осы ретте айта кетейін, сіздерден үйлену тойлары мен ас өткізу туралы өтініштер көп түсуде. Бұған орай кәсіпкерлер мен санитарлық қызметтер бірлесе отырып, отбасылық салтанат және еске алу шаралары кезінде азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға кепілдік беретін жұмыс алгоритмін әзірлеуі тиіс. Сондай-ақ Семей тұрғындарына өтініш білдіргім келеді. Өткен аптаның соңында мен сүйікті қаламызды аралап, кәсіпкерлермен кездесу өткіздім. Сіздің ұсыныстарыңыз бен өтініштеріңізді ескере отырып, біз 6 маусымнан бастап түнгі клубтарды, кальян тарту орындарын қоспағанда, кәсіпкерлік және басқа да қызметтің барлық түрлерін ашу туралы шешім қабылдадық. 2000 шаршы метрден аспайтын ірі сауда нысандары мен ойын-сауық орталықтары іске кіріседі. ШҚО-да коронавирус жағдайы әлі де тұрақсыз. Сондықтан барлықтарыңызды ұқыптылыққа, сақтыққа шақырамын», - деді Даниал Ахметов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT